Алматы облысында ер адам шошқаны автоматпен атып өлтірген

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде қолында қаруы бар ер адамның шошқаны бірнеше рет атып өлтірген видеосы тарады.

Шошқаны атып өлтірді
Фото: видеодан алынған скрин

Желідегі жазбада оқиға Алматы облысы Қарасай ауданында болғаны жазылған. 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға өткен жылы 17 қазанда болған. Сондай-ақ жануарларға қатыгездік таныту бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«Тексеріс барысында аталған қылмыстық құқықбұзушылықты 64 жастағы азамат жасағаны анықталды. Оның атына тіркелген қару тәркіленді. Оқиға өткен жылы ұсталған азаматтың Қарасай ауданындағы жеке үйінің аумағында болған», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Прокуратура органдармен келісе отырып, іс бойынша процессуалдық шешім шығарылды.