Алматы облысында ет экспорты тоқтап тұр
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының шаруалары ет өнімін экспортқа шығара алмай отыр. Себеп — ішкі нарықтағы баға тұрақсыздығы.

Бұл туралы Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Димаш Сыдықов айтты.
Оның сөзінше, биыл елде ет экспортын ұлғайту жоспарланған. Алайда, сыртқа өнім шығаруға әлі мүмкіндік жоқ.
— Себеп — ішкі нарықтағы баға тұрақсыз. Еттің құны шарықтап, жемшөптің бағасы өсті. Қарасай ауданы биыл 28 мың тонна сиыр етін нарыққа шығармақ. Қазір мұнда 24 мыңнан аса ірі қара бар. Ірі шаруашылықтар көбейіп келеді. Алайда, мал басының артуы біркелкі емес, — дейді Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы.
Спикердің сөзінше, облыс бойынша былтыр 10 мыңға жуық ірі қараның 223 тонна еті экспортталған. Көбі көрші Өзбекстан мемлекетіне шығарылған. Қазір экспорт тоқтап тұр. Квота берілген жоқ, сонымен қатар қала іргесіндегі ауылдарда жайылым тапшы.
Шөптің бағасы да шарықтап кеткен. Мұны шаруалар да растайды. Шаруа қожалығының иесі Жайық Манасбаевтың айтуынша, экспортқа шыққан тиімді. Өйткені, 100 теңгеге болсын қымбаттау.
— Қазір Қазақстанда құрғақшылық, жемнің, шөптің бағасы шарықтап кетті. Бірақ, оған қарамастан жұмысымызды істеп жатырмыз. Экспортқа шығаратындай 100 проценттік жағдайымыз бар, шығара аламыз. Өйткені, біздің Қазақстанның еті ең дәмді ет, — дейді шаруа.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы киік етінің бір келісі 1600 теңгеден сатылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.