Алматы облысында Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған азамат жазаланды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Балқаш аудандық сотында заңсыз лотерея ұйымдастырған Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

лоторея
Фото: pixabay.com

Сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың шілде айында Н. өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырып, "Jetour" маркалы автокөлігін ойнатқан. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі шексіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған.

Алматы облыстық соты құқық бұзушылық Н. лотерея операторы болып табылмайтын тұлға жөнінде хабарлама, Instagram парақшасының скриншоттары және істің басқа да материалдарымен расталғанын хабарлады.

- Сот Н.-ны ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 100 АЕК, яғни 369 200 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - деп мәлімдеді облыстық сот.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында емделу үшін ақша жымқырған бухгалтерге сот шешімі өзгеріссіз қалғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар