Алматы облысында қарақұйрықты атып алған браконьерлер ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы Жамбыл ауданында браконьерлік фактісі бойынша 4 адам ұсталды.

Алматы облысында қарақұйрықты атып алған браконьерлер ұсталды
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

22 қаңтарда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Алматы облысы, Қаншенгел ауылының солтүстігінде өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында «УАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Оның ішінде төрт азамат болған.

Көлікті тексеру кезінде Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аңына ұқсас ұша, екі дана қоян ұшасы, қолдан жасалған қолшам және екі дана аңшы қаруы табылды. 

Алматы облысында қарақұйрықты атып алған браконьерлер ұсталды
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

- ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екенін ескере отырып, материалдар белгіленген тәртіп бойынша жергілікті полиция бөліміне берілді, - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер мотоциклін тастап қашып кеткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар