Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер мотоциклін тастап қашып кеткен

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда браконьерлер Жайық өзенінің Каспий теңізінен құяр сағасынан заңсыз балық аулаған. Рейд кезінде олар мотоциклін тастап қашып кеткен. 

Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер мотоциклін тастап қашып кеткен
Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, инспекторлар 10 қаңтарда Жайық өзенінің Каспий теңізіне шығар тұсында «Урал» мотоциклі тоқтатпақ болған. Алайда мотоциклді жүргізушісі қамысқа қарай бұрған. 

– Бұл – заңсыз балық аулаушылардың көлігі. Ондағы адамдар қамыс арасына кірген соң мотоциклді тастап, қашып кетті. Тексеру кезінде мотоциклден жалпы салмағы 17 келі әр түрлі балық табылды. Заңсыз ауланған балық «Тілекші» ЖШС-ға сақтауға тапсырылды, - деп хабарлады Олег Тушканов. 

Балық
Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

Оның дерегіне қарағанда, аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған. Ал иесіз қалған мотоцикл автотұраққа қойылған. 

– Мотоцикл иесі мен онымен болған құқық бұзушыларды табу үшін құқық қорғау органдарына хабар берілді. Заңсыз балық аулаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп мәлім етті Олег Тушканов. 

Еске сала кетелік, бұған дейін ылтыр батыстағы 3 облыста браконьерлерге 29,2 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар