Алматы облысында қарсы жолаққа шыққан көліктерді дрондар анықтап жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды қолданып жүр.

в
Фото: Видеодан алынған скрин

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты асыру не қарсы қозғалыс жолағына шығу кесірінен болатынын хабарлады. Мұндай жағдайлардың алдын алып, жол ережесін елемейтін жүргізушілерді анықтау үшін қазір дрондар қолданыла бастады. Жыл басынан бері полиция жолдың қарсы бағытына шығудың 97 дерегін анықтаған.

– Дрондарды пайдалану құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде, әсіресе апаттық қауіпті учаскелер мен көлік қозғалысы қарқынды жолдарда тіркеуге мүмкіндік береді. Әуе арқылы бақылау объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз етіп, жауапкершіліктің бұлтартпастығын күшейтеді. Барлық материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделіп, қаралады, – деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының қай жолдарында орташа жылдамдық режимі енгізілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум