Алматыда қайтарылған қаражат есебінен фельдшерлік пункт пайдалануға берілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жалпы облыста қайтарылған қаражат есебінен 29 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 26-сы — денсаулық сақтау мекемелері, деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым нысандары сияқты маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Осы жұмыстар аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында, Іле ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Іле ауданының прокуроры қатысты.

— Жаңа медициналық нысан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған. Соның арқасында Көктөрек ауылының 2000-нан астам тұрғыны аудан орталығына бармай-ақ, сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Жалпы, Алматы облысында қайтарылған қаражат есебінен 29 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 26-сы — денсаулық сақтау мекемелері, — делінген хабарламада.

Алматы облысының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, оларды қоғам қажеттіліктеріне бағыттайтын болады.

Осыған дейін Алматы облысында құрылысына 1,6 млрд теңге жұмсалған мәдениет үйі қашан іске қосылатыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар