Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Ұзынағаш ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жанып жатыр.

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді
Фото: Видеодан алынған скрин

Алматы облысы ТЖД мәліметіне сәйкес, 18 маусым күні кешкі уақытта Жамбыл ауданына қарасты тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шыққан.

— Полигон жергілікті атқарушы органдардың қарамағында. Нысанның жалпы аумағы — 10 гектар, қалдықтардың тереңдігі 3-тен 7 метрге дейін. Алдын ала мәлімет бойынша, 1 гектар аумақты жалын шарпыған.

Өртті сөндіру жұмыстары су себу және қалдықтарды қоршау әдістері арқылы жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін «Семей орманы» резерватына өртті ерте анықтау жүйесі енгізілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар