Алматы облысында көктемде жөнделген жол ойылып қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында биыл сәуір айында жөндеу жүргізілген жол жүк тасымалының кесірінен қайта бүлінген.

жол жөндеу
Фото: Алматы облысының әкімдігі

«Ұзынағаш – Күрті» облыстық тас жолы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы карьерден республикалық маңызы бар Бурылбайтал – Күрті автожолының құрылысына қажетті құрылыс материалдарын тасымалдау үшін қолданылады. Аталған жолға сәуір айында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақтан асыра жүктелуі салдарынан жол жамылғысы бүлінген.

Осы себепті Алматы облысының әкімдігі Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен мердігер KLV Insaat компаниясына жолды қалпына келтіру жөнінде талаппен үндеу жолдаған.

- Қазіргі уақытта мердігер «KLV Insaat» кәсіпорны шұңқырларды уақытша жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2025 жылы Бурылбайтал – Күрті автожолын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін Ұзынағаш – Күрті жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Семейдегі көлік кептелісі мәселесін шешу үшін қаладағы жолдар кеңейтілетінін жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар