Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам қаза тапты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды.

дождь, ливень, лужа, погода, ауа райы, жанбыр, автомобиль, көлік
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 13 маусым күні Өтеген батыр ауылында болды.

– Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдамаға соғылды. Салдарынан көлікте отырған жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ведомстводан.

Ал, жүргізуші мен тағы бір жолаушы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, көлік тізгіндеген адам есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Бұған дейін Алматы облысында жасөспірім басқарған көлік ағашқа соқтығысып, 3 оқушы мерт болған еді. 

Осыған дейін Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан төрт адам мерт болғаны туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар