Алматы облысында көшкін қаупі бар 55 учаске бар

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың көшкін қаупі бар 55 учаскесіне аэровизуалды тексеру жүргізілгенін хабарлады.

тау, қар көшкіні
Фото: Алматы облысы ТЖД

Атап айтқанда, өңірдегі көшкін қаупі бар учаскелерді зерттеу мақсатында Ұзынқарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері, Талғар, Есік, Түрген, Іле Алатау жотасы бойынша аэровизуалды тексеру жүргізілді.

тікұшақ
Фото: Алматы облысы ТЖД

— Қайғылы жағдайлардың қаупін азайту мақсатында өзендер мен автожол арналарының қауіпті учаскелерінде 16 ақпараттық қалқан мен ескерту белгілері орнатылды, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері
Фото: Алматы облысы ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көшкін қаупі бар кезеңде 11 адамнан тұратын жедел штаб құрылып, бекітілген. Сондай-ақ, 12 адамнан тұратын авариялық-механикаландырылған бригаданың құрамы мен 7 бірлік арнайы және 4 бірлік жедел мобильді техника жасақталған. Қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты.

Еске салайық, бұған дейін Ақсайда тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2 бала, 1 әйел жансақтау бөліміне жатқызылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар