Алматы облысында қойма өртеніп жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында қойма жанып жатыр.

Өрт
Фото: Видеодан алынған кадр

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт Қаскелеңдегі қоймадан шыққан.

«Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелеңде бөлек тұрған бірқабатты қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

Еске салайық, бүгін Талғар ауданында пластикалық терезе шығаратын цех жанған болатын

Соңғы жаңалықтар