20:53, 10 Сәуір 2024 | GMT +5
Алматы облысында қоймадан шыққан өрттен үш адам зардап шекті
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында қоймадан шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түсті.

«Өрт сөндірілді. Қызыл жалын 870 шаршы метр аумақты шарпыған. 3 адам ауруханаға жатқызылды. Болжам бойынша өрттің шығуына технологиялық процестің бұзылуы себеп болған», - деп хабарлады департаменттен.
Бұған дейін Қаскелеңдегі қоймадан өрт шыққаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.