Алматы облысында кірпіш зауыты мәжбүрлі түрде сүрілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Сот шешімімен Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан кірпіш зауытының ғимараты сүрілді. 

құрылыс
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 27 мамырдағы қаулысымен өндірістік базаны салу және қызмет көрсету үшін «Құрылыс Көмек ХХІ» ЖШС ауданы 3 мың га жер учаскесін алған.

Әкімдіктің 2005 жылдың 27 мамырдағы қаулысымен карьер орналастыру үшін ауданы 8 мың га жер учаскесі берілген.

Аудан әкімінің 2005 жылдың 16 мамырдағы шешімімен ауданы 3 мың га жер учаскесінде кірпіш зауытының құрылысын жобалауға рұқсат берілген.

Алматы облысы әкімдігінің 2006 жылдың 21 желтоқсандағы қаулысымен саздақ өндіру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген.

2021 жылы ескі зауыт бөлшектеліп, жаңа зауыт қажетті құжаттамасыз салынған.

«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы „Құрылыс Көмек ХХІ“ ЖШС кірпіш зауытына кептіргіш жапсаржайдың қажетті рұқсатсыз салынғанын анықтады. Компания әкімшілік жауапқа тартылды және өз бетінше құрылысты сүруге міндетті болды. Алайда „Құрылыс Көмек ХХІ“ ЖШС белгіленген мерзімде дейін сүрмеген соң сот шешімі мәжбүрлі түрде орындалды» деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2022 жылдың тамыз айында кірпіш зауытының басқа бөліктерін бұзу туралы жаңа талап арызға бастамашылық жасалған. 

Соңғы жаңалықтар