Алматы облысында айыпталушы сот залынан қашып кетті

ҚАСКЕЛЕҢ. KAZINFORM — Адам зорлады деген күдікпен ұсталған айыпталушы Қаскелең қаласындағы аудандық сот залынан қашып кетті. 

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Желіде Алматы облысындағы автожолдарда полиция қызметкерлерінің тексеріс жүргізіп жатқан бейнежазбалары тарады. 

Алматы облысының полициясы бұл деректі растады. Күдіктіні ұстау үшін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Қамауға алынған күдіктінің қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданды. Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру тағайындалды. Азаматтардан сабырлық сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Еске салайық, былтыр осыған ұқсас жағдай болған. Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кеткенін жазғанбыз.

Кейін күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.

Соңғы жаңалықтар