21:43, 16 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматы облысында құтқарушылар газ баллондарының жарылысының алдын алды
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысының Арна ауылында тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар газ баллондарының жарылысына жол бермеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бүгін Новая көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында (54 шаршы метр) тұрмыстық заттар жанған.
Өрт үйдің ішінде тез тараған.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері тартылды. Өртті сөндіру барысында мамандар үй ішінен екі газ баллонды шығарып, жарылыстың алдын алды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, Алматыда газ құбыры жарылысынан екі адам зардап шеккен.