Алматы облысында мемлекеттік мекемелер үшін жұмыс уақыты өзгерді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында мемлекеттік мекемелер үшін жұмыс уақыты өзгерді
Фото: freepik.com

Енді Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты 8:00–де басталып, 17:30–да аяқталады. Түскі үзіліс 12:30 бен 14:00 аралығында болады.

Еске салайық, 2024 жылы 1 наурыздан бастап Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжыды.

Биыл алғашқы болып Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді. 12 наурыз күні Алтай және Ұлан аудандарында да жұмыс уақыты өзгерді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Шемонаиха аудандарында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді.

Сонымен қатар наурыз айында Өскеменде жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді. Онда жұмыс күні сағат 08:00–де басталып, 17:30–да аяқталады, түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін.

Бұған дейін «Алматы жаңа жұмыс кестесіне көшуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар