Алматы облысында оқушы қыз қайтыс болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар ауданында оқушы қыз қайтыс болды.
«Не молчи» қорының хабарлауынша, қайғылы жағдай Өтеген ауылында болған.
Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді.
«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар қыздың өліміне желідегі ойындар мен буллингтің қатысы жоқ екенін нақтылаймыз», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.
Осыған дейін Алматыда екі жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында қайтыс болғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ ҰҚК Шекара академиясының курсанты Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен.