22:17, 25 Шілде 2025 | GMT +5
Алматы облысында өрт толығымен сөндірілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қарасай ауданындағы Орта Қырғауылды шатқалындағы 8 гектар аумақта өртенген құрғақ шөп сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

— Өрт 8 гектар алаңда сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстары қиын таулы жер бедерімен, өрт ошағына апаратын жолдардың болмауымен күрделене түсті. Барлық жұмыс жаяу жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ, — делінген министрлік хабарламасында.
Өрті сөндіруге жеке құрамнан 84 адам және 17 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Айта кетелік Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлаған едік.