00:05, 15 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматы облысында өрттің салдарынан жол учаскесі жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрттің салдарынан көлік қозғалысы уақытша шектелді.
— 2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 22:30–да Алматы облысында «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 29–38 шақырымында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, — делінген ҚазАвтожол хабарламасында.
Шектеудің себебі — жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы.
Жол 16 қыркүйек күні сағат 07:00 ашылады.
Айта кетелік Алматы облысында қоқыс полигонында шыққан өртті сөндіріп жатыр.