Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты.

Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды
Фото: РЖҚЖ

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушылар сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағынан.

Еске салайық, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда осы жылдың 8 айында 11 бала терезеден құлап кеткенін хабарлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар