Алматы облысында полиция бастығының 2 орынбасары тағайындалды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерінде Ақылбек Төлеуов және Нұржан Байқұлов тағайындалды.

тағайындау
Коллаж: Kazinform

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция подполковнигі Ақылбек Төлеуов Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ақылбек Төлеуов 1982 жылы туған. Оның екі жоғары білімі бар. Ол С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін және ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін осы ведомствода ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Нұржан Байқұлов Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұржан Байқұлов 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, экономика және заң ғылымдарының магистрі. Ішкі істер органдарында қызметін 1996 жылы бастап, түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Осы уақытқа дейін Алматы облысы полиция департаменті тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын жазғанбыз. 

Қазан айында Алматы облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар