18:30, 20 Сәуір 2024 | GMT +6
Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.
«Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды», — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.