Алматы облысында тауға шыққан 11 жасөспірім адасып кетті

Алматы таулары
Фото: kursiv.media

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының тауларында адасып кеткен 11 жасөспірімге республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмектесті.

ТЖМ мәліметінше, таңертең жасөсіпірімдер қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан. Оларды құтқарушылар Турист шыңынан (3954 м) тапты.

«Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды. Біраз уақыттан кейін қалған жасөспірім табалды. Бәрі аман-есен»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысының тауларында адасып кеткен украиналықтар құтқарылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар