Алматы облысында темір жол бойында адам мәйіті табылды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Әлеуметтік желіде темір жол бойында адам мерт болғаны жөнінде бейнежазба тарады.

Өзбекстан трансауған теміржолының құрылысын биыл бастауға ниетті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көліктегі полиция департаменті бұл фактіні растады. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға оқиға 17 наурыз күні Алматы облысының «Шамалған-Ақсенгір» станциялары аралығында болған.

- Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол ережесін бұзған бір топ мопед жүргізушісі жазаланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар