Алматы облысында тікелей эфирде боқтық сөздер айтқан әйел жазаланды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM — Алматы облысында тікелей эфир барысында боқтық сөздер айтқан әйел жазаға тартылды

Алматы облысында тікелей эфирде боқтық сөздер айтқан әйел жазаланды
Видеодан алынған скрин

Полицияның әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында әйел адамның тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан бейнежазбасы анықталды.

Ол Іле ауданының 42 жастағы тұрғыны Жанар Салтумбаева болып шықты. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 20 АЕК немесе 86 500 теңге айыппұл салынды.

— Полиция қоғамдық орындарда балағат сөздер айту және қоғамдық тәртіпті бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау және айналадағыларға құрметпен қарау — әрбір азаматтың міндет, — деп мәлімдеді Алматы облыстық полициясы.

Еске салсақ, Алматыда әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан бірнеше блогер жазаланды.