15:15, 14 Қараша 2024 | GMT +5
Алматы облысында «Түркістан сілеусіні» фотоға түсіп қалды
ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысында ұлттық парк инспекторлары «Түркістан сілеусінін» фотоға түсіріп алды.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануардың суреттерімен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желіде бөлісті.
- Жоспарлы рейдтік іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) инспекторлары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Түркістан сілеусінін кездестірді. Бұл оқиға аймақтың биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін растайды, - деп хабарлады комитеттен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлаған едік.