Алматы облысында жаңа әуежай салына ма – әкім жауабы

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде жаңа әуежайдың қаншалықты салынуы мүмкін екенін айтты.

әуежай
Фото: pixabay

– Әуежай салу мәселесі Бас жоспарға енгізілген. Егер бұл жобаны жүзеге асыруға дайын инвестор табылса, біз талқылауға дайынбыз. Бұл мақсатқа арналған жер телімі бар, - деді ол. 

Сонымен қатар облыс басшысы қазіргі уақытта жаңа әуе торабына аса қажетілік жоқ екенін атап өтті. 

– Қонаевтан Алматы әуежайына дейінгі қашықтық небәрі 45 шақырым. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, көптеген ірі қалаларда әуежайларға дейінгі арақашықтық осыған ұқсас. Сондықтан дәл қазір мұндай қажеттілік өткір деп айта алмаймыз. Дегенмен, егер инвесторлар тарапынан бастама болса – біз оған ашықпыз, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жаңа әуежай құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар