Алматы облысында жас жылқылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жас жылқылар арасында кедергілерден өтуден (конкур) Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – конкур бойынша болашағы зор жылқыларды анықтау.

ат спорты
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы облысынан спортшылар қатысты. Жарыс барысында 4 пен 7 жас аралығындағы жылқылар 80-130 см биіктіктегі кедергілерден тұратын бағыттарды еңсеру бойынша сынға түсті.

ат спорты
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, жарыс барысында жылқылардың кедергілерді еңсеру техникасы, жылдамдық және шабандоз бен тұлпар арасындағы үйлесімділік бағаланды. Дәл осы факторлар болашақта табысты өнер көрсетудің негізін қалайды.

ат спорты
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Чемпионат нәтижесі:

№4 (4 жасар жылқылар, 80-100 см)

1-орын – Жалғасбек Сүлейменқұлов және Лебедь

2-орын – Кылышбек Гаппар және Тутанхамон

3-орын – Бекжан Байжанұлы және Conquistador

№3 (5 жасар жылқылар, 100-110 см)

1-орын – Шыңғыс Мәлікаждар және Караэль

2-орын – Ануар Досмаилов және Гугл

3-орын – Мария Дорофеева және Тиффани

№2 (6 жасар жылқылар, 110-120 см)

1-орын – Пётр Соловьёв – Нид Фор Хай

2-орын – Равиль Турсунов – Магеллан

3-орын – Шыңғыс Маликаждар – Манфред Эванс

№1 (7 жас, 120–130 см)

1-орын – Азамат Хасенов және Изи Стар

ат спорты
Фото: ҚР Ат спорты федерациясы

Жас жылқылар арасындағы чемпионаттың елімізде ат спортының дамуына қосатын үлесі зор. Мұндай сайыстар ерте кезеңде болашағы зор жылқыларды анықтауға, сондай-ақ оларды дайындауда атқарылған жұмыстың нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық спортшылар Ресей және Беларусьтегі халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар