Алматы облысында жылыту маусымы басталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының таулы аймақтарында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу беру басталды.

Алматы облысында жылыту маусымы басталды
Фото: Pexels

Өзге аудандарда жылыту маусымы 15 қазанға дейін кезең-кезеңімен басталады.

Биыл Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жүргізуге және оны өткізуге 13,6 млрд теңге қарастырылған.

Өңірдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 188 шақырым.

Облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлердің 71%-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Еске салсақ, Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріле бастайтыны хабарланды.

Сондай-ақ СҚО-да жылыту маусымы басталды.