Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан төрт адам мерт болды. 

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: gov.kz

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 21 сәуір күні Алматы-Бішкек автожолының 86 шақырымында болды.

– Анықталғандай, Land Rover Range Rover көлігінің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім қаза тапқаны туралы жазған едік.

Павлодар облысында да жол апатынан 4 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар