Алматы-Көкпек-Көктал автожолында екі адам қаза тапты

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жол-көлік оқиғасы болды.

жол апаты
Коллаж: Kazinform

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 29 мамыр күні Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 32 шақырымында болған.

– Алдын ала мәлімет бойынша, Cadillac Escalade көлігінің 26 жастағы жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан KIA K5 көлігіне жол бермегендіктен соқтығысқан. Салдарынан KIA K5 жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Аталған көліктің тағы бір жолаушысы, сонымен қатар Cadillac Escalade-ның жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық және қажетті сараптамалар тағайындалды.

Осыған дейін Алматы - Бішкек автожолында көлік апатынан 4 адам қайтыс болған еді. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жасөспірім басқарған көлік ағашқа соқтығысып, 3 оқушы мерт болғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар