Алматы облысында жол ережесін бұзған кортеждің соңғы жүргізушісі қамауға алынды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырған бесінші жүргізуші жауапқа тартылды.

Полиция выявила 130 нарушений миграционного законодательства в Астане
Фото: Polisia.kz

Қарасай аудандық полиция қызметкерлері 3 қазанда видеодағы барлық қатысушыны анықтады. Кадрларда Алматы — Астана автожолында бірнеше көліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып жүргені көрсетілген.

Changan маркалы автокөлігінің жүргізушісі Дияс Тоқтасыновқа жол қозғалысы ережелерін бірқатар бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Істі қарау нәтижесінде сот оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар 10 тәулікке қамалған еді.

Сондай-ақ Алматы облысында кортеж қатысушыларына 600 доллар ұсынған жігіт ұсталғанын жаздық.

Кейін Алматы облысында жол ережесін бұзған кортеждің төртінші жүргізушісі қамауға алынғаны хабарланды.