Алматы облысында жүк көліктері енді айналма жолмен жүрмейді
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысында Көктерек пен Ақсай ауылдарының арасындағы жол учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысы қайта ашылды. Осылайша, жүргізушілер енді айналма жолмен жүруге мәжбүр болмайды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 3 қыркүйекте орташа жөндеу жұмыстарына байланысты KZ05-10 «Алматы — Төңкеріс — Байсерке — Междуреченское — Астана — Алматы» автомобиль жолының 20-шақырымынан (Көктерек ауылы) 51-шақырымына (Ақсай ауылы) дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.
Жөндеу жұмыстары кезінде көлік құралдары үшін айналма жол ұйымдастырылды. Жүргізушілер «Алматы — Қонаев», «Қонаев — Құрты», «Алматы — Шелек — Қорғас» республикалық маңызы бар және «Байсерке — Әли» жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары арқылы қатынаған.
Қазір аталған учаскеде жүк көліктерінің қозғалысы қайта ашылып, уақытша шектеу алынды.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында қозғалысқа шектеу енгізілгені хабарланды.