Алматы облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ ауылында қамыс өртенді. 

Алматы облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Фото: видеодан алынған скрин

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматының төтенше жағдайлар департаменті күштері мен техникасы, сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазәуеқұтқару» су төгетін құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды. 

Қазіргі уақытқа дейін әуе кемесі жоғарыдан бес рет су төкті. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

ТЖМ мәліметінше, жағдай толық бақылауға алынған. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы мұнай өңдеу зауытындағы құбырдан өрт шыққанын жазғанын едік.

Соңғы жаңалықтар