Алматы облысындағы таулы аймақтан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қарасай ауданындағы таулы жерлерде 10 гектарға жуық аумақта құрғақ шөп, пен бұталар жанып жатыр.

огонь, взрыв, пламя
Фото: freepik.com

Өрт Шамалған ауылы маңында таулы жердегі мемлекеттік жер қоры аумағында болды.

Жағдайды үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Өртті Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД, 28237 әскери бөлімінің сарбаздары мен жергілікті қызмет өкілдері сөндіріп жатыр. Жалпы алғанда, тілсіз жаумен күреске 81 адам және 12 техника жұмылдырылған.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жағдай бақылауда. Ешбір елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

Осыған дейін Жетісу облысында өрт оқиғалары көбейгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар