Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында карьер топырағы опырылып, тұрғындар үйінен көшірілді. 

Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Бұл жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ оқиға орнында қазір Алматы облысы мен Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменттерінің бірлескен жедел штабы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстарға барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды.

Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Еске салайық, 2 шілде сағат таңғы 6:50 шамасында Жанатұрмыс ауылындағы «Карьер Аксай» ЖШС аумағында Ақсай өзені арнасы табанының шайылуы салдарынан карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақ опырылды. Соның салдарынан қазір 9 жеке үйдің тұрғындарын уақытша көшірілді.

Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Еске салайық, кеше Еңбекшіқазақ ауданында «Түрген — Асы» автожолын және демалыс аймағын су басты.

Сондай-ақ нөсер жауынға байланысты Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілді.