Алматы облысының құтқарушылары қар көшкініне байланысты ескерту жасады

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңір тұрғындарына ескерту жасады.

көшкін
Фото: ТЖМ

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 2 мен 5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. Жалпы Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

- ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қар көшкіні қаупіне байланысты бірнеше автожол көктемге дейін жабылғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар