Алматы облысының Райымбек ауданында жаңа әкім сайланды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болып Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаевты сайланды.

Алматы облысының Райымбек ауданында жаңа әкім сайланды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 3 тамызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Дастан Құдабаев жаңа қызметке келді. Барлығы 19 707 сайлаушының 70,3 пайызы (13 854 адам) қатысып, өз таңдауын жасаған. «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат 9626 дауыс (69,5%) жинап, жеңіске жетті. 

Дастан Құдабаев 1971 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зоотехния» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын сол жылы «Шалкөде» шаруа қожалығында зоотехник болып бастаған. Мемлекеттік қызметке 2008 жылы Шалкөде ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде қабылданған.

Әр жылдары Қарасаз және Шалкөде ауылдық округтерінің әкімі, Райымбек пен Кеген аудандары әкімдерінің орынбасары, сондай-ақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бастап Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар