Алматы облысының тауларында құтқарушылар үш туристке көмек көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында, 3600 метр биіктікте үш турист таудан түсіп келе жатып адасып, құтқарушылардан көмек сұраған.
«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары көмек көрсету үшін жолға шықан. Топпен байланыс орнатылып, олардың геолокациясы белгілі болды.
Құтқарушылар туристерді «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Айта кетелік құтқарушылар жоғалып кеткен турист қызды тапқан еді.