Алматы орталығындағы көшелердің бірі уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласы Әуезов ауданында 27 қыркүйекте сағат 22:00-ден 28 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін Алтынсарин даңғылы бойымен №6 қалалық емханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы жабылады. Солтүстік бағытта қозғалыс ашық болады.

жылу құбыры
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

- Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жолды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Еске салайық, бұған дейін Алматының кейбір көшелері қазан айының басына дейін жабылатынын жазғанбыз. https://kaz.inform.kz/news/almatinin-keybr-kosheler-kazan-ayinin-basina-deyn-zhabiladi-0e64cb/

Ал 29 қыркүйек күні Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады. https://kaz.inform.kz/news/almatida-marafonga-baylanisti-brneshe-koshe-zhabiladi-7ef639/

Сондай-ақ Бостандық ауданындағы Журавлев көшесінде автокөліктердің қозғалысы 30 қыркүйекке дейін шектеледі