Алматыда тағы бір көше 10 күнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 20 қыркүйек күні сағат 06:00 бастап 30 қыркүйектің сағат 06:00 дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында автокөліктердің қозғалысы Журавлев көшесінің бойымен Серкебаев даңғылынан бастап Сеченов көшесіне дейін шектеледі. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады. Уақытша шектеулер 1980 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан 673 метр құбыржолды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. 

– Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және оларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС. 

Еске салайық, Алматы қаласындағы Абай даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылған болатын. 

Сондай-ақ Алматының кейбір көшелері қазан айының басына дейін жабылды. 

 

Соңғы жаңалықтар