Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының бас футбол алаңы - Орталық стадион басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды.

Алматының Орталық стадионы
Фото: yandex.kz

Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясының мәліметінше, Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.

- «Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.

Еске салайық, бүгін Орталық стадионда «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын өтті.

Соңғы жаңалықтар