Алматы полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне жүгінді, Алматылық полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

полиция
Фото: polisia.kz

«Көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығыі Асхат Құлбаев.

Қазгидрометтің болжауынша ауа температурасы 17 ақпанда түнде және түстен кейін -14...-22 градус суық болады.

Соңғы жаңалықтар