Алматы полиция қызметтік көліктен қашқан күдіктіге іздеу жариялады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қалалық полициясы кеше кешке қарауыл жасағы қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылғы К.Е.Аубакри іздеп жатыр.

іздеу жарияланды
Фото: Алматы полициясы

Іздеудегі адамның белгілері: бойы 165-170 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр.
Алматы қаласының Полиция департаменті К.Е.Аубакридің қайда екендігі туралы білетіндердің барлығынан мына телефон нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102.

Еске салайық, Алматыда ер адам қарауыл жасағының қызметтік көлігінен қашып кеткенін жазғанбыз.

Осыған дейін Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан қыз зорлады деген күдікпен қамауда отырған азамат қашып кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар