Алматы полициясы мектеп түлектеріне үндеу жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады. 

последний звонок, выпускной, первый звонок, школа, ученики, мектеп, алғашқы қонырау, сонғы қонырау
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Алматы қаласы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзудың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, жыл сайын коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ кортеждермен қауіпті маневр жасау деректері тіркеледі.

— Жасөспірімдер әсерлі бейнеролик түсіреміз деп жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дегенмен, ата-аналар мен педагогтердің қолдауынсыз балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес, — деді Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар ол ата-аналарға балаларын бақылаусыз қалдырмау және олардың автокөлікпен жүруіне жол бермеу керек екенін ескертті.

Еске салайық, былтыр Алматы облысында мектеп түлектерінің автокортежі жол ережесін өрескел бұзды. Бұл дерек бойынша сотқа 17 заң бұзу бойынша материалдар жіберілді.