Алматы спортшылары ай сайын алатын төлемақы басқа өңірлерден 66% аз - басқарма

Алматылық спортшылар мен жаттықтырушылар басқа өңір командаларымен шарт жасасуға мәжбүр. Бұл тұралы Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform

спорт
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Алматы қаласы спорт баскармасы басшысының мәліметінше, Алматы спортшыларына ай сайын төленетін төлемдер басқа өңірлермен салыстырғанда 66,5% төмен.

«Мысалы, Олимпиада мен Паралимпиадада I орын үшін - 80 АЕК (276 000 теңге). Сол себепті болашағы бар спортшылар мен жаттықтырушылар басқа өңір командаларымен шарт жасасуға мәжбүр. Осыған орай тиісті қаулының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Қаулы 10-15 күн ішінде қаралады. Бұл шара жетекші спортшылар арасында әлеуметтік тұрақтылықты, олардың әлеуетін сақтауға және спортта жетістікке жетуде тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді», - деп жазды Ерден Хайрулин.

Ол сондай-ақ бүгінге дейін Алматы спортшылары 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына төрт жолдама ұтып алғанын жазды. 

Соңғы жаңалықтар