Алматы тауларына қар түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM –26 мамырда Алматының тауларында қар жауып, қалада ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеді.

Бүгін таңертең мегаполисте ауа райы бұлтты, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Таулы аймақтарға қар түсті. Kazinform оқырмандары редакцияға жауын-шашынның суреттерін жіберді. Әлеуметтік желіде де жауған қардың видеосы тарап жатыр.
Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық аймаққа жауып жатқан қарды көрсетті.

Бұған дейін Ақмола облысында қар жауғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 26-сы күнгі күн райы болжамын жариялаған еді.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді.