Алматы тауларында 5 тәулік бойы іздестірілген жасөпірімнің мәйіті табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін сағат 07:30-да Алматы тауларында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте адам мәйіті табылды.

Алматы құтқару қызметінің мәліметінше, құтқарушылар табылған орынға жедел түрде аттанып, мәйітті тасымалдау жұмыстарын бастады. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Үлкен Алматы шатқалы маңында жоғалып кеткен жас жігіттің іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.
Еске салайық, 6 шілде күні сағат 11:46-да Төтенше жағдайлар департаментіне 2007 жылғы азаматтың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Оның ағасының айтуынша, жасөспірім 2 шілдеде тауға кетіп, қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстарына ТЖМ РЖҚЖ мен ТЖД-ның 44 құтқарушысы, 109 Құтқару қызметі, шекара қызметі мен полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ 8 техника, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты, дрондар, 4 ит және ҚР ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.