Алматы тауларында қар жауып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының таулы аймағында қар, ал қала аумағында нөсерлі жаңбыр жауып жатыр. 

Алматы тауларында қар жауып жатыр
Фото: Видеодан алынған скрин

«Шымбұлақ» тау курортының Богданович мұздығы, Бүгел және ортаңғы станциясында орнатылған камераларынан қазіргі уақытта қар жауып жатқанын көруге болады.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Алматыда 23 қыркүйек күні таңғы сағат 5-тен басталған жауын-шашын 24 қыркүйек таңға дейін тоқтамайды. Қала бойынша коммуналдық және жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мердігер ұйымдардың 123 арнайы техникасы, 74 мотопомпа, 20 ассенизатор көлігі, сондай-ақ 75 жедел бригада тартылды. Олардың құрамында 425 жұмысшы бар.

Бұған дейін жауын-шашын салдарынан Алматыдағы көлік кептеліс 10 балға жеткенін жазғанбыз.

Еске салайық, өткен апта Алматыда қатты жаңбыр жауып, Аманжол көшесінде жол жабыны опырылды. Нәтижесінде 13 автокөлік зақымданды.

Соңғы жаңалықтар